Шымкентте «Эйкос» дөңгелек орталығы ашылды

473
Дөңгелек. Шина.
Дүкенде дөңгелектің 10 мыңнан астам түрі бар

Дөңгелектің түр-түрін шығаратын «Goodyear», «Michelin», «Bridgestone», «Maxxis», «Cordiant» сынды әлемнің әйгілі бренд тауарларын енді «Эйкос» дүкенінде сатып алуға болады. Мұнда шинаның 10 мыңнан астам түрі бар. 20 жылдан бері қазақстандық көліктерді жабдықтап жүрген «Эйкостың» бөлімшесі алғаш рет шымкенттіктерге есігін айқара ашты.

"Эйкос" дүкені. Шиналар
«Эйкос» дүкені «Алаш» базарының маңында орналасқан

Әмірбек Абдрахманов, «Эйкос» дүкенінің басшысы: «Дөңгелектердің бағасы да тиімді. Шымкентттіктер үшін бағасын тиімді етіп жасадық. Дүкенге келіп, дөңгелектердің сапасын да, бағасын да өздеріңіз көрсеңіздер болады.»

Баға, расында да, талайларды таң қалдырды. Дүкен ашыла салысымен-ақ қала тұрғындары қыстың қамын ойлауға көшкендей. Доңғалақтардың сапасына қарай бағасы да сан түрлі. Төменгі нарық 5000 теңгеден басталады. Ал алғашқы елу тауар сатып алушыға арнайы сыйлық қарастырылды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Ukn8dNWlDk4[/youtube]

«Эйкос» дүкенінің мамандары дөңгелек сатудан бөлек оларды жөндейді де. Мұнда көлікке қажетті сан-алуан құралдар да бар. Өзге сауда орындарына қарағанда «Эйкос» әр затына кепілдік береді.

Дөңгелек. Шина.
Дүкенде дөңгелектің 10 мыңнан астам түрі бар

Ақылбек Тезмұратов,  «Эйкос» дүкенінің өкілі: «Біздің дүкенде әйгілі «Michelin» доңғалақтарын да сатып алуға болады. Оның үстіне оған бір жылдық кепілдік те берілген. Яғни, 12 ай бойында доңғалақ жыртылып немесе өзге де бір проблемалар туындаса, біз ол тауарды жаңасына қайта ауыстырып береміз.»

Қазақстан бойынша «Эйкостың» сегіз бөлімшесі жұмыс істейді. Ал шымкенттіктер «Эйкос» дүкенін Алматы тасжолы, «Алаш» базарының жанынан таба алады. Дүкен қызметкерлері қыстың қамын бүгін ойлауға шақырады.