«Agri Tek Shymkent – 2015» халықаралық көрмесі аяқталды

291

Шымкентте «Agri Tek Shymkent – 2015» халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесі мәресіне жетті. Онда соңғы технологиялар, заманауи жабдықтар, қосалқы бөлшектер мен мал және өсімдік шаруашылықтарына қажетті тың дүниелер таныстырылды. Ұйымдастырушылар жергілікті кәсіпкерлер көрме бұйымдарын тамашалап қана қойған жоқ, бизнесін дөңгелетуге мүмкіндік алды дейді.

"Agri Tek Shymkent - 2015"

Кәсіпкер Бақытжан Көпбаев көрмеде мал азығын дайындау технологиясын ұсынды. Голладиялық тәжірибе бойынша бұл өнімдер тек сумен өсіріледі. Егін алқабының, тіпті, топырақтың қажеті жоқ. Айтуынша, бұл әдіс мал бордақылауда және сүт бағытындағы малдарды өсіруде тиімді. Сондай-ақ соны технология бойынша өзге де дәнді-дақылдарды өсіруге болады.

Халықаралық маңызы бар шарада жаңа жабдықтар мен қосалқы бөлшектер, тыңайту технологияларының озық үлгілері таныстырылды. Бұдан бөлек жер айдап, алқапты игеруге аса керекті су жаңа құрал-жабдықтар көрсетілді. Жылыжай шаруашлығына таптырмас соны технологиялар да осында.

Ұйымдастырушылар жергілікті кәсіпкерлердің егін шаруашылығына қажетті тыңайтқыштар мен құрал-жабдықтарға қызығушылығы басым болғанын айтады.