Созақтың тұрғыны 110 жасқа толды

263
Байсек Рсымбетов - 110 жаста

Созақтың қарт тұрғыны 110 жасқа толды. Абыз жасына толған Байсек Рсымбетов қарияны аудан әкімі Мақсат Исаев құттықтап келіп, арнайы сыйлығын табыстады.

Байсек Рсымбетов - 110 жаста

– Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын, – деді аудан әкімі. – Денсаулығыңыз мықты болып, перзенттеріңіз бен немерелеріңіздің қызығын көре беріңіз! Шөберелеріңіз аман болсын! Елімізде Сіз секілді қазына-қариялар көп болсын!

Құттықтап келген қонақтарына разы болған ақсақал рахметін айтып, батасын берді. Ата ұзақ жасының сырын сұрағандарға үнемі қымыран ішіп жүретінін айтты. Байсек Рсымбетов атаның бүгінде 32 немересі мен 22 шөбересі бар.