Арыста егіс алқабының көлемі ұлғайды

582
Арыста егіс алқабының көлемі ұлғайды

Арыста егіс алқабының көлемі ұлғайды. Жергілікті диқандар еккен жүгері және қызынақ шетелге экспортталады. Қазірдің өзінде Украина мен Өзбекстаннан тапсырыстар түсуде. Оны орындауда «Қазына жер ЛТД» серіктестігі алдына жан салмайды.

Арыста егіс алқабының көлемі ұлғайды

«Қазына жер ЛТД» серіктестігі биыл 300 гектар жерге қызанақ еккен. Егіс алқабындағы көкөністер оливия, багио сынды голандиялық сұрыптар. Мұндағы дәнді дақылды тамшылатып суару әдісі қолданылады. Бұл үшін 3 бригадаға бөлінген жұмысшы топ егіс алқабында еңбек етеді. Дихандардың айтуынша, биыл өнімнің түсімі мол болмақ.

Сондай-ақ, серіктестікке қарасты 1000-нан аса гектарға жүгері егілген. Оның 700 гектардағы дәнді дақылы малға азық ретінде қолданылмақ. Қалғаны сауда орталықтарына экспортқа жіберіледі. Бәсекелестіктің жоғынан сұраныс та жоғары дейді серістестік басшылығы.

Алдағы тамыз айында шаруа қожалығы көкөніс терімін бастайды. Арыстық дихандар дәнді дақылдарды бірінші кезекте өңірдегі сауда нарығына тасымалдамақ. Ал одан кейін отандық өнімдерді тапсырыс бойынша шетелге экспорттайды.