Арыстық қайырымды жандар 140 отбасыға азық-түлік таратты

15

Арыстық «Қолғабыс» қайырымдылық қоры жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп 140 отбасыға азық-түлік таратты. Мұқтаж отбасыларға қуаныш сыйлау үшін бірнеше кәсіпкер бастамашыл болған. Олар өз қаржыларынан 7 тонна жоғары сортты ұн сатып алып берген. Одан бөлек, қор тарапынан күріш, қарақұмық, асбұршақ, маш, май, макарон, ұзақ мерзімге сақтауға жарамды консервіленген өнімдер салынған азық-түлік себеттері берілді.

Қор төрағасы Сырлыбек Мұсабековтің айтуынша, бүгінгі таңда Арыс қаласында демеушілік танытып жүрген қайырымды азаматтар саны еселеп артқан. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің ұйытқы болуымен қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын табатындығын атап өтті.