Заңсыз дүңгіршектер алынуда

322
Заңсыз дүңгіршектер алынуда

Шымкенттегі Әл Фараби ауданы бойынша заңсыз саудамен айналысқан дүңгіршектер алынуда. Аудан әкімдігінің қызметкерлері рейдке шықты. Тексеру барысында 23 дүңгіршек  алынып тасталды.

Заңсыз дүңгіршектер алынуда

Жалпы, жыл басынан бері аудан аумағындағы 69 дүңгіршек заңсыз деп танылып, алынып тастауға бұйрық берілген. Айта кетерлігі, бір апта бұрын әкімдік мүшелері БАҚ арқылы заңсыз дүңгіршек иелеріне хабарландыру беріп, тиісті шара қолдануларын сұрадық деп отыр. Әрі осыған орай қала тұрғындарының назарына заңсыз сауда орындары мен дүңгіршектерді белгіленбеген орындарға орналастырмауды тағы бір еске салып өтті.