Шымкенттегі жағымсыз иіске қатысты сынаманың алғашқы нәтижесі белгілі болды

253
Шымкенттегі жағымсыз иістің себебі бірер күнде анықталады

Шымкенттегі жағымсыз иістің себебі бірер күнде анықталадыШымкентте сәрсенбіге қараған түні ауаға тараған жағымсыз иістің себебі белгілі болды. Қала тұрғындары сезінген иіс атмосфераға зиянды қалдықтардың таралуынан шыққан.

Бұл туралы «Қазгидромет» орталығының мамандары мәлімдеді. 26 қазан күні филиал мамандары жылжымалы зертханамен және арнайы құралдармен мұнай өңдеу зауыты мен оған жақын елдімекендер маңынан ауа сынамасын алған.

Тексеру нәтижесінде сынамада күкірт диоксиді, күкіртті сутек пен формальдегидтің қалыпқа сай көлемде артқаны анықталды.

Жағымсыз иістің таралу себебін қазір өзге де құзырлы орындар анықтауға кіріскен. Олар таралған зиянды қалдықтың нақты қайдан шыққанын анықтайтын болады.