Еңбекші ауданының әкімі есеп берді

351
Еңбекші ауданының әкімі есеп берді

Еңбекші ауданының әкімі аудан халқымен екінші рет кездесіп, жылдық есебін берді. Алайда бұл жолғы кездесуде ауқымды мәселе айтар белсенділердің қатары аз болды. Тіпті, шенеуніктердің өздері кездесуде демалап отырғанын айтып, ағынан жарылды.

Еңбекші ауданының әкімі есеп берді

Әкімнің есеп баяндамасынан кейін жарыссөзге бар болғаны үш азамат жазылыпты. Біз оны аудан әкімінің халықтың сауалына көбірек жауап беруді ойлағаны деп топшыладық. Десе дегендей, әкімге сауал жолдап қалуды көздегендер микрофонға таласып, шу шығарды.

Көпшіліктің айқайы бекер болмады. Кездесуге келгендердің айтуынша, аудан әкімдігінің мамандарымен қатынас мүлдем жоқ. Тіпті, шағынаудан тұрғындары өздеріне бекітілген мемлекеттік қызметкерлерді танымайтынына ренішті. Сол себепті жылына бір болатын жиында әкімге арызын жеткізіп қалуға тырысуда.

Көпшілікпен таласып-тармасып, көкейіндегі сұрағын айтып қалғандардың сауалдары жинақталды. Бәріне айтар жауап – бір. Жоспар бар, енді қаражат бөлінсе, жұмыс атқарылады. Міне, 256 мыңнан астам халқы бар ауданды басқарған Ғалымжан Илясовтың екінші есебі осылай аяқталды.

Нұрлан Жаңабай