Абайға әкім барған жоқ

Кеше Шымкенттегі Ж. Шанин атындағы қазақ драма театры өзінің 78-маусымын ашты. Басқа-басқа емес  ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Иран Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?» трагедиясымен түрілген маусым шымылдығы сахна өнерін сүйетін тұрақты көрермендер барын тағы бір айғақтады. (Қоюшы режиссер — Ерғали Оразымбетов).

Абай

 

Бірақ,  Халық әртісі, ҚР еңбек сіңірген әртіс, ҚР мәдениет қайраткерлері ойнайтын қойылымға театр саңлақтары қарапйым көрерменнен гөрі әкімдердің келгенін күткен сыңайлы. «Біздің де өнерімізді көріп бағаласа екен, сахнадағы Ұлы Абайдың ескі шапан киіп жүргенін көріп ойланса екен, өнерге өгей баладай қарамаса екен, қаржылай көмек қолын созса екен» деген толып жатқан ниеттерін білдіргісі келіпті.

Маусым енді ашылды ғой. Алда әлі талай премьера бар. Әлдеқашан тұрақты көрерменін тапқан  «Жанпида», «Сыған серенадасы», «Мұхамед Хайдар Дулати»  да бар деп көңіл жұбатамыз. Бірақ, сахна  саңлақтары «сахнада күнде Абай, Құнанбай, Оразбай, Күнту, Көкбай жоқ қой» деп қынжылады.

Ондай кезде облысты басқарған Б.Жылқышиевті аузыға алады. «Аудан әкімдерін бастап, барлық орынбасарын ертіп келуші еді театрға» дейді. Ойланатын нәрсе екен….