//

Аш бала тоқ баламен ойнамайды

Шымкент қаласының  2011 жылғы бюджетінен жалпы білім қорына 142 млн. 576 мың теңге қаражат бөлінді.  Бұл қаржының 39 млн. теңгесіне 4000 мыңға жуық мұқтаж балаларға мектепке киім кешек әперіліп 1324 бала 28 млн. теңгеге жазғы демалыстарын лагерлерде қызықты өткізуге мүмкіндік алды .

Мұнымен шектелмеген жергілікті билік  әлеуметік тұрмысы төмен аз қамтылған отбасыларынан 3672 оқушыға мектеп асханаларында ыстық тамақпен қамтамасыз етуде.  Бұл іс шараға мектеп асханаларын жалға алушылар да қосылып өз қамқорлықтарына 10-15 баладан алып отыр. Санитар дәрігерлер бұл қамқорлық балғындардың  денсаулығын жақсартуда үлкен рөл атқарады дейді .

Қала мектептеріндегі асханаларда бір бала тойып тамақ ішу үшін 120 – 140 теңге аралығында төлейді екен. Оқушыларды  тамақтандыруды қолға алғандардың мәлімдеуінше бұл баға өткен жылғымен салыстырғанда 5-10 теңгеге өскен. “Азық-түлік бағасының қымбаттауынан болып отырған жәйт бұл” дейді кәсіпкерлер.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz