Шымкенттегі дендробақта орналасқан кафелер мен аң-құстар қамалған вольерлердің жұмысы заңсыз. Облыстық прокуратура өкілдері осындай мәлімдеме жасады. Құзырлы орган қызметкерлері мұндай қорытындыға кезекті тексеру қорытындысынан соң келіп отыр. Енді бұл нысандардың өз жұмысын тоқтатуына тиісті орындарға хат жолданды. Дендробақ ішінде 3 бұғы мен 6 павлин құсы арнайы қоршаулы аймақта өмір сүреді.
Ал бақтың қақ ортасындағы темір қаңқалы кафенің жұмыс істеп тұрғанына бір жарым жылдан асып кетті. Қараусыз қалған орынды кафетериге айналдырған. Дендробақта демалушылар да тынығатын орынның дәл осы келбеті мен күйіне үйреніп қалған сияқты. Олар мұндай қорытындымен келіспейтіндіктерін айтады. Дегенмен, бұл қорытындыға соңғы нүктені тиісті орындар қоятын болады.[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Fdv8SzNIplc[/youtube]