Көк түтінмен тұңшықтыра бере ме?

323

Қоқыс аумағы 1980 жылы Шымкент шаһарынан әлдеқайда шалғай жатқан-ды. 40 гектар жер қоқыс тасталатын полигон болады деп шешілген. 32 жыл бойы  оның 30 гектар жері қоқыс тасталатын полигон ретінде пайдаланылады. Бұдан кейін  қала көлемі өсіп «Самал», «Достық», «Асар» деген шағынаудандар бой көтерді.
Қазір мұнда көк түтін мәңгілік алау сияқты бір сәтке толастар емес. Осы аумақта тұратын халықты тұншықтырып бітті.

 Қалалық құрылыс бөлімі мамандарының мәлімдеуінше полигонды қайта қалпына келтіру үшін жергілікті бюджетен 30 млн. теңге қаржы бөлініпті. Ай соңында жұмыс басталады. Ал жаңа қоқыс полигонының инфраструктурасына қажетті 438 млн тенгенің алғашқы 20 млн. теңге берілді. Жұмыс қыркүйектің 20 жұлдызында басталмақ .

Бір қызығы қоқыс полигонын рекулиивация жасау кезінде полигонға қоқыс тастау тиылады деген құрылыс бөлімінің мәлімдемесін «Техналогия-21 » ЖШС -нің басшылары жоққа шығарып отыр. Ол мекеме жаңа қоқыс алаңында құрылыс аяқталмай қала тұрғындарының қалдықтарын қабылдамаймыз дейді. Енді жергілікті басшылыр осы мәселені шешулері тиіс