Оңтүстіктің ең жас футболшылары алғашқы сынақтан өтті.

Облыстық футбол мектебінің шәкірттері норматив тапсырып, бапкерлердің көңілінен шығуға тырысты. 250-ге жуық жеткіншек 1, 65 см-ге секіріп, уақытқа 30 метрге жүгірді. Осы сынақтың нәтижесі бойынша жас футболшылардың ептілігі анықталады. Содан кейін команда жасақталып, ал сыннан сүрінгендер қателікпен жұмыс жасайды. 250 дің барлығы дерлік нормативті тапсыра бермейтіні сөзсіз.

Қуаныш Қарақұлов : “Нормативті қабылдау арқылы қай футболшымен қандай деңгейде жұмыс қажеттігін анықтауға болады. Сыннан өтпей қалғандары шығарып тастамаймыз, олармен бөлек жұмыс жүргіземіз.”

Бір сағаттың ішінде жеткіншектер нормативті тапсырды. Сөйтіп, бапкерлерден жаңа тапсырма алды. Өйткені келесі сынаққа дейін олар дайын болуы тиіс. Жас футболшыфллар мұндай сынақтан жылына үш рет өтеді. Соңында келесі жылға өту үшін норматив қиындай түседі. Бұл – футбол, әр дайым іріктеу болуы тиіс дейді жаттықтырушылар.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz