Шымкентте «Ордабасы» жеңіске жетті

Шымкенттік «Ордабасы» елордалық команданы өз алаңында қабылдады. Ойынның алғашқы минуттарынан бастап-ақ  қос командада жеңісті қолдан жібермейтіні анық байқалды. Алғашқы 20 минут бойы допты қуалағынмен нәтижесіз болды.

Алайда, матчтың 21-ші минутында Бабатунда Коллинзтің шығарған пасын Дәуренбек Тәжімбетов қағып алып, қақпаға гол соқты. Есеп ашылды, ендігі кезек астаналықтарда болғандай көрінгенімен, қонақтар ережені бұзып, 11 метрлік айып соққы белгіленді. Бұл мүмкіндікті Артем Касьянов қалт жібермей, есепті еселеді.

Десек те Астана командасы да бірінші таимның соңына қарай өз командасын алға шығаруға талпынды. Ойынның алғашқы жартысы 2-1 есебімен аяқталды. Кездесудің екінші таймы бұдан да тартысты басталды. 70 минутта Максим Жалмагамбетов есепті теңестірді. Бұл тұста, ордабасылық жанкүйерлердің көңіл күйін түсіну қиын емес еді. Ал команданың бас бапкері Виктор Пасулько тіптен отыру түгіл, туруға да орын таппай қалғандай болды. Таблодағы есеп ойынның 86-шы минутына дейін өзгермеді.

Кездесу соңына жақындағанда ғана Артем Касьянов ордабасыны алға шығарып, дубль орындады. Астаналықтар ұпайсыз үйіне қайтса, ордабасының жанкүйерлері бұл жеңіс маусым соңына дейін жалғасса деп тілек айтып жатты.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz