//

Салымшылар спорт алаңына шықты

Облысымыздағы  бәсекелес қорлардың арасында жақсы жабдықталған, техникалық базасы мықты қорлардың бірі -Халық банкінің Зейнетақы қоры. Өңір тұрғындарына 1998 жылдан бастап қызмет көрсететін қордың бүгінгі таңда 250 мыңға тарта салымшысы бар.

Өз салымшыларының қамын ойлай отырып, барлық жағдайды жасайтын ұжым тұтынушыларының арасында Волейбол ойынынан үлкен жарыс өткізді. Алаңда халықтық зейнетақы қорының белсенді салымшыларына тұратын облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері өзара бақ сынасты.

Екі күнге созылған тартысты волейбол жарысы барысында ерлер мен қатар әйелдерде үздік ойын өрнегін көрсетті. Салауатты өмір салтын насихаттап, салымшыларына көтеріңкі көңіл күй сыйлаған қор ұжымы, жарыс нәтижесінде үздік деп танылған ойыншылар мен қатар ең үздік салымшысын да марапаттады. Ол бақандай он жылдан бері халық банкінің зейнетақы қорына болашағының кілтін сеніп тапсырған – Асқар Байысбаев.

Сонымен, Халықтық қордың бас жүлдесіне Ішкі істер департаментінің патрульдік полиция басқармасының командасы ие болса, қыздар арасында полицейлердің қаржы бөліміне бұйырды. Қос жеңімпаз командаға банк ұжымының атынан теледидарлар сыйға тартылды. Жүлделі 2,3-орын алған командаларға да медаль, диплом және бағалы сыйлықтар тапсырылды. Облысымыздың бас полицейі өз кезегінде халық банкінің зейнетақы қорының ұжымына алғысын білдіре отырып, естелік сыйлық тапсырды. Осылайша, салымшыларын бір серпілткен жарыс зейнетакы қордын беделін бір марқайтты.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz