Шымкентке Қытайдан ұйғыр ансамбілі келді

Ұйғыр халық ансаблінің биші қыздары

 

 

 

 

Шымкентке алғаш рет ұйғыр ансамблі келді. Халықтар Достастығы үйінде Қытайдан келген 38 әртіс жерлестеріміз үшін өнер көрсетті.
Концерт басталмай жатып, зал көрерменге лық толды. Мерекелік кеш дәстүрлі ұйғыр халық биінен басталды. Он шақты қыз бен жігіт мың бұрала билегеннен кейін сахнада ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен ұйғыр тілінде ән шырқалды.

Ансамбль құрамындағы ұлты қазақ азаматы Злаш Мүтәліп те ән шырқайды. Ол Синьцзян-Ұйғыр автономды округінде туып өскенімен, ана тілін ұмытпаған.  Әсіресе әншінің орындауындағы «Көк өзен» атты әнін көрермен жылы қабылдады.
Өнер майталмандарымен бірге қаламызға Синьцзян- Ұйғыр автономды округінің сыртқы істер министрі – Гали Абдулхамид те келіпті.

Ол: «Ұйғыр ансамблі Жаркент, Таразда болып қайтты. Енді Шымкенте келдік. Халық бізді жақсы қарсалды. Қазақстандықтарды тәуелсіздіктің 20 жылдығымен құттықтаймын. Осы мейрам қарсаңында өз мәдениетімізбен халықты таныстырмақ едік» деді…