Жаңалықтар 

Шымкентке американдық жаңа қондырғы келді

 

Облыстық клиника диагностикалық медицина орталығында американдық “Medica Corporation” фирмасының өңірлік дистрибьютерлері оқу-таныстыру жұмыстарын жүргізді. Негізгі мақсат – жаңа биохимикалық анализатордың артықшылықтарын облыс көлеміндегі аудандарда қызмет жасайтын дәрігерлерге үйрету. Оқу тренингіне тіпті Қырғызстан республикасынан да мамандар келген.

– Біз бұл компанияның осы өңірдегі өкіліміз. Алдымен, дәрігерлерді оқыту, оның ішінде медициналық инженерлерді оқытуымыз керек. Өкінішке орай, біздің облыста бірде-бір оқу орны жоқ, медициналық инженерлерді оқытатын. Біз компанияның өз қаржысына оларды шет елге оқытамыз. Ал, бұл жолы бізге американдық мамандардың өзі келіп, жергілікті дәрігерлерді құрылғымен жұмыс жасауға үйретіп жатыр -дейді “Интертехсервис” ЖШС директоры Серік Ибадуллаев.

Бұл жаңа құрылғының артықшылықтары көп. Бір сағат ішінде 150 анализдің қорытындысын бере алады. Уақыт жағынан да, сапа жағынан да өте тиімді. Әрі жұмыс істеу өте оңай. Дәрігердің уақыты да үнемделіп, нақты диагноз қоюға жақсы мүмкіндік береді. Бағасы 6 млн. 75 000 теңге. ОҚО Денсаулық сақтау басқармасы тапсырыс берген бұл аппараттың әлі қай медициналық мекемеге орналастырылатыны белгісіз. Бірақ, аталған қондырғы арқылы медицинаның соңғы жетістіктеріне қол жеткізуге әбден болады.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz