Шымкентте қоқыс өңдейтін зауыт болады

Қоқыс қалдықтарын өңдейтін зауыт Шымкент қаласынан Ташкент бағытына қарай 15 шақырым қашықтықта салынады. Ол үшін арнайы 40 гектар жер телімі бөлінген. Ресейлік техналогиямен салынатын бұл зауыт республикамызда Астана мен Алматыдан кейінгі үшінші зауыт болмақ.

Тек бұл зауыттың ерекшелігі қоқыс қалдықтары жиналатын полигон да оны өңдейтін зауыт та бір жерде болады. Жылына 200 мың тона қоқыс өңдейді. Алғашқы жоспар бойынша полигонға әкелінген қоқыс қалдықтарының 30-40 пайызы іріктелініп алынып өңделеді де өзгесі көміледі. Болашақта өңдеу көлемі 80 пайызға дейін көтерілетін болады. Зауыттың қуаттылығы 20 жылға есептелген

Зауыттың жобалық құны 1 млярд 600 млн. теңгені құрайды. Қаржылай қолдауды “Цеснабанкі” көрсетіп отыр. Ал жергілікті бюджет өндіріс орынының инфрақұрылымына 430 млн. теңге бөлді. Бүгінде соның алғашқы 20 млн. теңгесі құрылысшылардың қолына тиді.

 

Мердігер “Мастер” ЖШС-і  зауыт құрылысын келесі жылдың тамыз айында аяқтамақ. Бүгін басталған зауыттың құрылысы аяқталып қолданысқа берілмей,  қала тұрғындарынан  шықан тұрмыстық қалдықтар ескі полигонға тасталады.  “Осы ескі қоқыс алаңындағы 30 гектар жерге  жасалатын рекультивация жұмысына ол ешқандай кедергі келтірмейді”,- дейді жергілікті билік өкілдері.

 

 

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz