Шымкентте 8 -қыркүйек күні белсенді жастардың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздікке 100 күн -100 игі іс» атты акция басталды. Мерейлі Тәуелсіздік күніне 100 күн қалуына орай ашылған марафонға бүкіл студенттер мен жастар, оқытушылар құрамы қатысуда. Сондықтан 16 желтоқсанға дейін түрлі сенбіліктер мен акциялар, конференциялар өткізіледі. Студенттер пікір-сайыс сабақтар мен спорттық спартакиадаларға, өнер байқауларында бақ сынайтын болады.
Алғаш рет өткізіліп отырған шара арқылы жастар еліміздің ертеңіне бей-жай қарамайтындығымыз бен Қазақстанның патриот ұл-қыздары екендігімізді дәлелдегіміз келді дейді.
Бұл күн ерекше есте қалсын әрі әрбір студент әр күнін тек пайдалы іске жұмсасын деген оймен Тәуелсіздік күнін атап өтетін күнді кері қарай санайтын күнтізбе орналастырылды. Акция 16 желтоқсан күні қорытындыланады.