Жұлдыздардан құралған үгіт-насихат поезы Арыс қаласына келді

Қазақстанның Тәуелсіздігіне 20 жыл толған мерейтойға дайындық жан-жақты

Арысқа «Менің Қазақстаным» атты үгіт насихат поезының бүтіндей құрамы ат басын бұрды. Ондағы негізгі мақсат тәуелсіздігіміздің 20 жылдығында жеткен жетістігімізді жұртшылыққа паш етуден бөлек, ел тұрғындарын қажетті көмекпен қамтамасыз ету. Үгіт-насихат поезының құрамында әлеуметтік қамсыздандыру министрілігінің өкілдері, қаржы саласының қызметкерлері, шағын несиелендіру ұйымдарының өкілдері, ақ халаттылар мен спортшылар, эстрада жұлдыздары және бишілер болды. Алдымен вокзал алдында шеру ұйымдастырылды. Содан кейін әр саланың қызметкерлері өз міндетіне кірісті.[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=L4-iOlo8lO8[/youtube]