ОҚО-ның кеденшілері Өзбекстандық азаматтан тыңшылық құралды тәркіледі. Ол Шымкенттің әуежайында ұсталған. Шетелдік азамат шағын бейнекамералы сағатты алып өтпек болған. Сонымен бірге, кеденшілер бұл заттың өзге де мүмкіншіліктері барын анықтады.
Шымкент әуежайының кедендік бекетінің мамандары күдік тудырған Өзбекстан азаматының қол жүгін тексерді. Механикалық сағат бір қарағанда жәй бұйым секілді көрінеді. Алайда мұқият тексеру барысында онда шағын бейнекамера орнатылғаны анықталды. Сонымен бірге керемет техника фотосуретке де түсіре алатін болып шықты.
Баян Жармұхамбетова, ОҚО кедендік бақылау департаментінің баспасөз жетекшісі: «Үрімші-Шымкент рейсімен ұшып келген Өзбекстан азаматы ұсалды. Бейнеге және фотоға түсіретін сағат тәркіледік».
Сағаттан бөлек шетел азаматының қол жүгінен ерекше қаламсаптің бар екендігі анықталды. Мәтін немесе қойылған қол бір мезетте ғайып болады. Әдетте мұндай құрылғылар алаяқтық әрекеттерде пайдаланылады. Бірақ заң бойынша мұндай қаламсаптар тыңшылық құрылғы болып есептелінбейді.
Осы іс бойынша материалдарды кеденшілер сотқа жіберді. Тыңшылар техникасына әуесқой азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны да жоққа шығарылмайды.