73 жасқа қараған шақында белгілі Қазақстанның қоғам және мемлекет қайраткері жерлесіміз Марс Фазылұлы Үркімбаев дүниеден өтті. Ол механик-техника ғылымның докторы, профессор, халықаралық және ұлттық инженерлік академияның академигі, СССР-дің мемлекеттік премияларының иегері, халықаралық және Қазақстандық Университеттерінің еңбегі сіңген профессоры, Қазақстан Республикасының патриот тұрғыны болатын. Ол сонымен бірге өз мамандығына адал, елінің болашағы үшін аянбай еңбек еткен азамат еді. Марс Фазылұлы 1939 жылдың 23-қарашасында дүниеге келген.
Қазақстанның химия- технологиялық институтының механика факультетін тәмамдаған. 1962 жылдан бастап кафедра меңгерушісі әрі доцент қызметін атқарған. Кейін дәл осы оқу орнының деканы болған. Ал 1973 жылы Марс Фазылұлы Жамбылдың гидромелиоративті құрылыс институтын басқарған. Кейін 1992-1993 жылдары аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарған. Ал 1994 жылы еліміздің экономика министірі қызметіне тағайындалған.
2001-2004 жылдары «Казфосфат» компаниясының өкілі. Өмірінің соңғы жылдарында ол Тараздың мемлекеттік Университетінің кафедрасын басқарған. Марс Фазылұлы- 10 шақты кітаптар мен 200 дей ғылыми мақалалардың авторы. Құрмет грамотасының иегері.
Марс Үркімбаевпен қоштасу бүгін Шымкент қаласындағы Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театрында сағат 14:00 де өтеді.