Д.Қонаев-101 жаста

863
Дінмқхаммед Қонаев 101 жаста

59 5

Дінмұхаммед Янгибаев 2 жаста. Өскенде Қонаев атам секілді ұлкен азамат боламын дейді
Дінмұхаммед Янгибаев 2 жаста. Өскенде Қонаев атам секілді ұлкен азамат боламын дейді

Бүгін 12-қаңтарда Қазақстанның көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туылғанына 101-жыл толды. Еске алу рәсіміне қатысушылар Д. Қонаевтың кеуде мүсінінің жанына гүл шоқтарын қойды.

Сенбі күні күннің суықтығына қарамастан, ескерткішке гүл қоюға жиналғандар көп болды
Сенбі күні күннің суықтығына қарамастан, ескерткішке гүл қоюға жиналғандар көп болды

Республиканың бұрынғы көшбасшысына тағзым етуге келгендер арасында оның үзеңгілестері, қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері, Шымкент әкімшілігінің, Д. Қонаев атындағы мұражай, әр түрлі қоғамдық ұйым өкілдері болды.

Дінмқхаммед Қонаев 101 жаста
Дінмқхаммед Қонаев 101 жаста

Дінмұхаммед Қонаев – кеңестік мемлекеттік және қоғамдық қайраткер, 1960 – 1962 жылдары Қазақ ССР Коммунистік партиясының ОК бірінші хатшысы. 1964-1986 жылдары КОКП ОК саяси бюросының мүшесі болды. Үш дүркін Социалистік еңбек ері. 1-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған. 100-ден астам ғылыми еңбек авторы. Қазақ ССР ҒА Академигі.