22-тамыз Д. Қонаевтың дүниеден озған күні

1132
Д.Қонаев ескерткіші Тауке хан даңғылы мен Қонаев гүлзарының қиылысында орналасқан
Д.Қонаев ескерткіші Тауке хан даңғылы мен Қонаев гүлзарының қиылысында орналасқан

Бүгін Қазақстанның көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың қайтыс болғанына 19-жыл болды. Еске алу рәсіміне қатысушылар Д. Қонаевтың кеуде мүсінінің жанына гүл шоқтарын қойды.

Республиканың бұрынғы көшбасшысына тағзым етуге келгендер арасында оның, үзеңгілестері, қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері, Шымкент әкімшілігінің, Д. Қонаев атындағы мұражай, әр түрлі қоғамдық ұйым өкілдері болды.

Түскі сағат 13-00 де «Наурыз» тойханасында ас берілді.

Дінмұхаммед Қонаев – кеңестік мемлекеттік және қоғамдық қайраткер, 1960 – 1962 жылдары Қазақ ССР Коммунистік партиясының ОК бірінші хатшысы. 1964-1986 жылдары КОКП ОК саяси бюросының мүшесі болды. Үш дүркін Социалистік еңбек ері. 1-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған. 100-ден астам ғылыми еңбек авторы. Қазақ ССР ҒА Академигі.