2012 жылға ОҚО бюджеті 347 млрд.теңгені құрады

131

Екінші сессияның қарауына 10 мәселе ұсынылды. Өңірдің 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасындағы ауыл-аумақтарының дамуы және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі шараларды жүзеге асыру мәселесі тұрақты комиссияда жіті талқыланғандықтан бірауыздан қабылданды.

Аманолла РАМАНҚҰЛ, облыстық мәслихат депутаты: » Шардара ауданында суармалы  жерлер жеке меншікте. Жерді 49 жылға алған азаматтар оны мақсатты пайдаланбайды. Ол жерлерді қайтару оңайға соқпайды. Сондықтан да Заңға өзгеріс енгізу қажет. Бұл мәселе облыс деңгейінде шешілмейді, Үкімет, Сенатқа шығу керек».

Берік Оспанов, облыс әкімінің бірінші орынбасары: » Ия күрделі мәселе екенімен біз де келісеміз.  Алайда    жерді мемлекет қорына қайтару жұмысы  жүргізілуде. Осыған дейін 300 мың жер  телімі қайтарылды.  Онда жайылым жерлер де бар. Енді жерді   ауыл шаруашылығымен айналысатын азаматтарға  береміз».

Сессияда «Нұрлы көш» бағдарламасына қатысушылардың ОҚО көшуіне және жәрдемдесудің 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы жайында жасалған баяндамаға қатысты сын айтылды. Нақтырақ айтсақ, бөлінген қаржының игерілуіне.

Бюджетке келсек. Шымкент қаласында жаңа әкімшілік- іскерлік орталықтың құрылысын жүргізу үшін жер учаскелерін алуға- 1 млрд. 833 млн. тенге, ғимараттың құрылысының өзіне 150 млн. және де 1200 орындық мектеп пен 320 орындық бала бақшаның құрылысының жобалау сметалық құжаттамасына 14 жарым млн. теңге бөлінді.

Ербол Садыр, облыстық экономикалық және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы: «Қалған  қалдықтар есебінен  облыстық бюджеттің көлемі 1 млрд. 181 млн. теңгеге  ұлғайып, 347 млрд. теңгені құрайды. Бұл  өткен жылмен салыстырғанда  37 млрд.-қа артық . Енді республикалық бюджеттен  қаржыландыру күтудеміз. қаражат түссе,  бағдарламаларды жүзеге асырамыз. Оның ішінде Елбасының берген тапсырмасы 10 бағыт  бойынша  іс шаралар да  енгізілген.

Депутаттар облыс көлемінде жеке меншікке берілген жер телімдері төлемақыларының базалық ставкалары ауылдарда қаладағыдан төмен болу керек деген ұсыныс айтты. Облыстық жер қатынастары басқармасындағылар да мұнымен толық келісетіндіктерін жеткізді.