Облыс синоптиктері ауа-райы тағы да күрт суытатынын мәлімдеп отыр. Алдағы екі тәулікте қар жауып, аяз болады. Облыста түнде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Термометр көрсеткіштері түнде -15, күндіз -8 градусты көрсетеді. Ал солтүстік аудандарда түнде -23 градуске дейін төмендейді.
Мамандар мұндай қатал қыс оңтүстікте 1969 жылы тіркелгенін айтып отыр. Аяз күші тек 24-ақпаннан кейін бәсеңдейді. Көктем өңірімізде күнтізбе бойынша келеді.
Наурызда алғашқы бәйшешектер гүлдейді деп сендіріп отыр ауа-райын болжау мамандары.