Шымкентте қыстыгүні мұзды суға түсетін адамдар азайған жоқ

365

ОҚО төтенше жағдайлар департаментінің берген ескертулері бойыншы 3-ақпан күні түнде облыс аумағында ауа райының температурасы -25 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Дегенмен, күн райының осылай күрт суытуына қарамастан қысы жазы — 13 градус болып тұратын киелі «Қошқар ата» өзеніне шомылушылардың қатары көбеймесе, кемімепті. Бүгін таңертең салқын суды сүйетіндер топ-тобымен Қошқар ата өзенінің жағасына жиналды.

Александр Маслов 13 жылдан бері осы өзенге келіп шомылып кетеді екен. Қыс, күн суық дегенге қараған емеспін дейді ол.

«Қанша күн суық болса, соншалықты жақсы. Алдын Парфирий Ивановтың әдісі бойынша өзіммен бірге сүлгі алып жүрмейтінмін. Қазір қартайдым ба білмеймін. Сүлгімен сүртынып жүремін».

Александр Белоруссиядағы Минск көлінде аққуларды қуып, шомылау беретінмін деген ол инфаркт, жүрек талмасы болған екен. Қазір осы суық суға шомылып қана денсаулығымды жақсартып алдым дейді.

Күніне 50-ге жуық адам «Қошқар ата» өзенінде суға түседі. Барлығы жанға шипа іздеп, денсаулығын жақсартуды көздйеді.