Шымкентке АҚШ-тың атақты саясаттанушыларының бірі — Марта Брилл Олкотт келді.
Ол Орталық Азия елдері мен Каспий аймағындағы және бұрынғы кеңес одағына мүше болған елдердегі ұлтаралық қатынас туралы мәселелер бойынша журналистермен кездесті. Дөңгелек үстел барысында еліміздегі ислам дінінің жай-күйі туралы жүргізіп жатқан зерттеу жұмысына да тоқтала кетті.
Дөңгелек үстелге қатысқан Марта ханым Қазақстандағы Исламның дамуы бойынша жасап жатқан жұмысына көптеп тоқталды. Ол бұған дейін Тәжікстан мен Өзбекстанда осы бағытта еңбек еткен.
Бірнеше ғылыми жұмыстардың авторы, Карнеги орталығының профессоры «Дін, қоғам және қауіпсіздік» жобасын ұсынушылардың бірі әрі бірегейі болып табылады.
Марта Брилл: «Мен өз жобам барысында әсіресе, аударма жұмыстарына көңілім толмайды. Ойланбай аударылған екі сөз діннің түпкі тамырын бұзып жатады. Солардың ішінде орыс тілді және француз тіліндегі аудармаларын жақсы деп атауға болады. Ал ағылшын тіліндегі аударманы екі-үш қайтара оқып барып, түсінемін».
Халықаралық саясаттанушыны сұрақ астына алған журналистер қауымына, Қазақстандағы ислам дінінің бүгінгі жайы қыл үстінде екендігін ашық айтты. Оның ойынша, қарапайым жұртшылық дін мен дәстүрді шатастырып жатқан көрінеді.
Марта Брилл: «Менің ойымша, ислам дінінің толқулары сіздің елге енді келеді. Оның қыран алып дамуы да алда. Жат діндермен өзге сенімдерді араластырып алмас үшін, имамдар мықты әрі сауатты болуы керек. Өзбекстанда имамның айтқаны заң, сізде де солай шығар».
Дін тақырыбында қалам тартатын тәуелсіз журналистер толық зерттеп барып жазса, игі еді дейді саясаттанушы Марта Брилл. Өзгелердің өзіміз жайлы зерттеуі әзірге оң бағасын беріп тұрғандай.