«Мұз сарайы» жаңа акция бастады

235
"Мұз сарайында" хоккеймен де шұғылдануға мүмкіндік бар

Шымкенттің ең үлкен спорттық нысандарының бірі «Мұз сарайы» енді Елбасы тапсырмасы бойынша жұмыс жүргізбек. Бұл жоспарды қалай іске асыруға болатынын да спорт ордасының басшылығы қарастырып қойған.

Қуаныш Арғымбаев, «Спорт сарайы» ЖШС директоры: «Біз дүйсенбі күнді жастар күні деп жария еттік. студенттер мен оқушылар үшін жеңілідіктер жасадық. Сондай-ақ  арнайы акциялар да жиі өтіп тұрады. Мәселен, балалар үйінің бүлдіршіндері тегін сырғанауға мүмкіндік алады. Бүгінде, тіптен Тараздан да қонақтар келеді».

Бұл акция жастар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Жеңілдіктерді ести салысымен-ақ мұз сарайы адамға лық толды. Өйткені мұндай мүмкіндік күнде беріле бермейді.

 Диана Бурнашева: «Бұл жер маған өте ұнайды. Жастардың қызығып келетін спорт ордасы. Бұл жерге жиі келіп тұрамыз».

Қысқы спорт түрлерінен бөлек «Мұз сарайының» ғимаратында үстел теннисі және бокспен де шұғылдануға жағдай жасалған. Қыстың күні де мұнда жаттығу залдары жылы әрі бар қажеті қарастырылыпты. Осы залда оңтүстіктің былғары қолғап шеберлері алдағы халықаралық жарыстарға дайындалуда.

Мұз сарайында үстел теннисінен жарыс өткізу дәстүрге айналған. Соның арқасында көптеген жастарға үлкен спортқа жол ашылады. Бұдан бөлек, Шымкенттің ең үлкен мұз айдынында шоу бағдарламалар ұйымдастырылады. Ал Мекеме басшылығы жастарды спортпен шұғылдануға шақырады.