ОҚО бойынша салық департаменті республикада 1-орында

308

2011 жылдың қорытындысы бойынша ОҚО бойынша салық департменті барлық негізгі көрсеткіштер бойынша республикада бірінші орында көрінді. Жоғары жетістікке жетуге қосымша резервтерді анықтау, бақылау экономикалық және жалған кәсіпорындар контрагенттерін өңдеу бағытында жұмыстарды жүйеге қою негіз болды. Сонымен қатар, салық төлеушілердің әлеуметтік жауапкершілігін атап өткен маңызды.

Жолдасбек НҮСІПОВ , ОҚО бойынша салық департаментінің бастығы: «Біздің  департаментіміз  былтырда 2010 жылдың қорытындысы бойынша бірінші орынды жеңіп алған. Былтырғы жылда біз үшін жемісті болды. Сөйтіп, екі жыл бойы республикада көш бастап тұрмыз. Бұл тек менің  еңбегім ғана емес, бұл бүкіл департаментке қарасты құрылымдар мен аудандағы басқарма қызметкерлерінің   сүбелі үлесі. Мемлекеттік бюджетке түсімдердің өсу қарқыны 132,7 пайызды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 51 млрд. 400 млн. теңгеге артығымен түсті».

Жалпы, болжамдық жоспар барлық көрсеткіш бойынша артығымен орындалды. Мемлекеттік бюджет 103,2, республикалық бюджет 103,5 пайызға. Жергілікті бюджет бойынша жоспар 1 млрд. 134 млн.-ға артығымен орындалды. Өндірістік емес төлемдер бойынша уәкілетті органдармен бірлесіп салық салу базасына түгендеу жұмыстарының қорытындысы бойынша бюджетке қосымша 540, млн. теңге түсті. Әкімшілік айыппұлдарды өндіру жұмыстарын күшейту нәтижесінде 1 млрд. 229 млн. қазынаны толықтырды.

Жолдасбек НҮСІПОВ , ОҚО бойынша салық департаментінің бастығы:  «Жалпы облыстың  17 ауданында 31 ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтары ашылды. Шымкентте Еңбекші ауданында, өңіріміздегі Отырар және Кентау қаласында жаңа  ғимараттар пайдалагнуға берілді.Абай, Әл Фараби аудандары мен Бәйдібек аудандарындағы орталықтар күрделі жөндеуден өткізіліді».

Бүгінгі таңда 76 ауылдық округте 80 салық төлеуші терминалы орнатылды. Бұл бағытта жұмыс жалғасады деп нақтылады департамент басшысы. Сонымен қатар, жиында 2011 жылы нәтижелі жұмыс көрсеткен облыс аппараты мен аймақтық салық бақармаларының қызметкерлері грамота, алғыс хаттармен марапатталды.

Оңтүстік қазақстан облысы бойынша  үздік көрсеткіштері үшін бірінші орынды Сайрам ауданы бойынша салық басқармасы иеленді.  Басқарма ұжымы «Құрмет  грамотасы»мен марапатталып, 300 мың теңге мөлшерінде сый ақыға ие болды.

Екінші орынға ие болған Мақтаарал ауданы бойынша салық басқармасы  «Құрмет грамотасы»мен және 200 мың теңге мөлшерінде сыйақымен марапатталды.

Үшінші орынды  Отырар ауданы бойынша салық басқармасы жеңіп алды. Ұжым «Құрмет грамотасы» және 100  мың теңге мөлшерінде сыйақымен  марапатталды.