ОҚО бюджеттің ашықтығы туралы мәліметтер бойынша 44 балл жинады

199

ОҚО бюджеттің ашықтығы туралы мәліметтер бойынша 44 балл жинады. Жергілікті бюджеттерінің ашықтығы бірнеше қағидалар бойынша сараланған. Біздің облыстың осал түсіп жатқан жағы- ОҚО-да бюджетті қарау прцесінің ашықтығы көрінеді. Ал бюджетке қатысты ақпараттардың ашықтығы мен қолжетімділігі орта деңгейден сәл жоғары.

«Оңтүстік Қазақстан облысы 44 балл алды. Бұл ортаңғы деңгейден төмен деген сөз. Бұл жағынан 63 балл жинап Қызылорда облысы алдыңғы орындыв иемденсе, 38 балл алып Батыс Қазақстан облысы кейінгі қатардан көрінді,»-дейді «Құқықтық және экономикалық реформаларды қолдау» ҚҰ-ның директоры Әсел Қырықбаева.

Жанар Монтаева сараптау жұмысына қатысуға бірден келісті. Бүгінде ол ОҚО-дағы қай мемлекеттік мекеменің қоғам алдында ашықтығы қандай деңгейде екендігін ашық айта алады.

«Бюджеттік жоспарлау мен экономика департаменті мен облыс әкімдігіндегілердің біздің жұмысымызға көмегі тиді. Денсаулық сақтау және білім саласымен жұмыс істеу оңай болған жоқ. Бұл мекемедегілердің жұмысының қаттығы сеп болған шығар. Тұтас алғанда, бұл жоба өте қызғылықты, оның үстіне Оңтүстік Қазақстан облысына берері көп деп ойлаймын,»-дейді ол.

Облыс бюджетінің игерілуі турасындағы ақпараттар халыққа ашық болуы тиіс. Өйткені жергілікті қазына қаржысының қалай жұмсалып жатқандығы қоғамның қызығушылығын тудыруы заңды құбылыс дейді сарапшылар.

«Бұл жоба мемлекеттік мекемелер есептерінің тиянақтылығын арттырары анық. Әр облыстарға қойылған бағаларға қарап, бюджеттік қаржыны игерудің кейбір тиімсіз тұстары да анықталып жатыр. Мемлекеттік мекемедегілер де қоғамның қадағалауын сезген сайын бюджеттік қазына қаржысын ұқсата білу деңгейін артырары сөзсіз»,-деген сенімде тәуелсіз сарапшылар.

Тәуелсіз сарапшылар сараптамасының қорытындысы Астана  қаласында 28 ақпанда өтетін орталық және жергілікті басқару орындарыныңы өкілдерінің басқосуында жарияланбақ. Қорытынды негізінде мемлекеттік мекемлерге бағыт-бағдар сілтер тұжырымдамалар да әзірленіп қойылған.