Online режимінде диалог өтті

Ақпанның үші күні сағат 17.00-де Отырар тере тв нүкте кейзет ақпараттық порталы онлайн режимде сұрақ-жауап сағатын өткізді. Тақырыбы «Шымкент жолдарындағы тәртіпсіздіктерге қалай тосқауыл қоямыз?» Дәл осы мәселеге байланысты пікірлерін білдіріп, ойларын қосқан әңгіме болды. Көрермендердің сұрағына «Оса» қоғамдық бірлестігінің директоры Денис Шевченко мен автокөлікшілерге қолдау көрсету қоғамының мүшесі Эрик Туралиев жауап берді.

Онлайн тікелей байланысында сауалдарға жауап беруді алдымен Денис Шевченко бастады. «Оса» қоғамдық бірлестігінің директорына бірнеше минуттың ішінде жиырмадан астам сауал келіп түсті. отырар.kz интернет порталын қолданушылар белсенділік танытты.

Жол қозғалысының инспекторымен қалай сөйлесу керек? Егер сіздің құқығыңыз бұзылған жағдайда не істейсіз? Осындай сауалдар 1 сағат бойы толастаған жоқ. Отырар.kz интернет порталы үшін бұл жаңа жоба. бісміллә деп алғаш рет ашық диалог ұйымдастырылды.

Марина Низовкина,  www.otyrar-tv.kz сайтының редакторы: «Жобаны жасар алдын ұзақ ойландық. Оқырманды тағы қалай қызықтырсақ дедік. Ең көп сайтта оқылған материал алғашқы жобада қаралды. Ендігі жолы қандай тақырып қозғалатынын өздеріңіз таңдай аласыз. Ол үшін пікір жазығыздар».

Белсенділік автокөлік жүргізушілері тарапынан болды. Мысалы, Наргиза логинымен хабарласқан азамат инспекторлардың өздерін кім қорғайды деген сауал қойса, кейбірі тіптен «Оса» қоғамдық бірлестігіне мүшелікке кіріп, жолдағы бей берекеттікпен күресуге ниет білдірді.

Денис Шевченко,»Оса» қоғамдық бірлестігінің директоры: «Шынымды айтсам  мұндай көп сауал қойылады деп ойлаған жоқ едім. Қызық өтті. Тіпті жауап беруге үлгермей жаттық. Жолдағыжолда жүру белгілері, радарлар туралы сауалдар көп болды».

Бір сағат ішінде 50 ден астам сұраққа жауап алынды. Ғаламторда жүргізілген сауалнамада ойдағыдай өтті дейді қонақтар.