Шымкенттік ардагер полицейлер бас прокуратурадан Жаңаөзендегі бейберекетсіздіктің нақтырақ тергелуін сұрап жатыр. Тәртіп сақшылары әріптестерінің ешқашан бейбіт адамдарға оқ атпайтынын айтады. Сондықтан, бұл мәселенің егжей-тегжейлі зерделенуін талап етуде.
Жаңаөзендік полиция қызметкерелерін бекерден бекер соттаудың қажеті жоқ ,- дейді бұрынғы тәртіп сақшылары, олар қаруды еріксіз қолдану керек болғандықтан ғана оқ атты деп отыр. Ең алғаш рет полиция қызметі туралы ашық айтуға бел буды. 30 жылдай ішкі істер саласында қызмет еткен полковник Ақылбек Медеубековтің айтуынша, полиция қызметкерінің имиджі дәл осылай қорланған емес дейді.
Ақылбек Медеубеков, отставкадағы полковник: «Бастықтың орынбасарын ұрып соққаннан кейін барып, қару қолдануға мәжбүр болған екен. Қазіргі мәліметтер бойынша олар бейбіт тұрғындарға оқ атуға мәжбүр болыпты».
Жаңаөзенге шымкенттік полицейлер де жұмылдырылған болатын. Олар өзіндік ойларын әріптестерімен бөлісті. Полковниктің айтуынша, егер қару қолданбағанда адам шығыны бұдан да көп болатын ұқсайды.
Батырхан Өмірзақов, отставкадағы полковник: «Мұндай жағдайда полиция қызметкерлері барлық қаланы аман алып қалу үшін арнайы команданы күтпеу керек. Прокуратура барлығын жіті қадағалап, барлығын заң төңірегінде шешу керек. Біз заңды шешім қабылданғанын қалаймыз.»
Еліміздің бас прокуроры Асхат Дауылбаевтың айтуынша әзірге қылмыстық іс тек Маңғыстау облысының ІІД бастығының орынбасарына және эктремизмге қарсы күрес басқармасы, сондай-ақ қалалық ішкі саясат бөлімінің бастықтарының үстерінен ғана қозғалыпты.