Шымкент қаласының тұрғындары көмек сұрайды

256

Шұғыла м/а тұрғындары Отырар телеарнасынан көмек сұрайды, мөлтек ауданды газбен жабдықтау туралы сұрақпен біз қала және облыс әкімшіліктеріне бірнеше рет хат жаздық.

Абай ауданы әкімі мен қала әкімінің орынбасарының қабылдауында болдық. Әзірше нәтиже жоқ. Біздің м/а Самал-2, Самал-3 және Тельман бөлімшелерінің аралығында орналасқан, жан-жағымыздағы аталған м/а барлығы газбен, телефон желісімен қамтылған.

2011 жылы Шұғыла м/а мемлекет тарапынан электр желісі тартылғанмен, әзірше іске қосылған жоқ. Халықтың тұрып жатқанына 7-8 жыл болғанымен, судан басқа коммуналдық қызметтер қосылмаған.