Енді Шымкент қаласының орталығындағы 9 көшенің қилысында таңғы, түскі және кешкі мезгілде бағдаршамның орнына жол полициясы инспекторлары көлік қозғалысын реттейтін болады. Ол біріншіден қаладағы көлік кептелісін кемітеді, екіншіден жүргізушілердің инспектор қолындағы қызыл таяғы бойынша қозғалуға дағдыландырады дейді мамандар.
ОҚО ресми тіркелген 500 мыңға жуық автокөліктің басым бөлігі Шымкент қаласында. Ал облыс орталығының көшелері еркін қозғалысқа тарлық етеді. Осыншама көлікке есептелмегендіктен, таңғы, түскі және кешкі қарбалас уақыттарда көше қиылыстарындағы бағдаршамдар көлік қозғалысын реттей алмай, кептеліс туындап жатады.
Қосымша жол белгілерін орнату жағы да мәселені шеше алмайды. Сол себепті жол полиция инспекторлары қозғалысты өз күштерімен реттеуге көшті. Бұл тәжірибені Астана мен Алматылықтар әлдеқашан қолға алған екен.
Ендігі мәселе жол ережесін өз күшімен реттеуге инспекторлар да, көлік жүргізушілері де үйренуі қажет. Мамандар 4 күннің ішінде жүргізушілер бірәз дағдыланып қалды дейді. Ал жүргізушілердің пікірлері әр алуан.
Қолындағы ала таяқты жақсы меңгерудің өзі терең білімділік пен үлкен шеберлікті талап етеді. Бұл өз кезегінде Кеңес одағы кезіндегі аңыз болған милиционер Сергей ағайдың ізбасарларын көбейтсе керек.