Теріскей шағын ауданына сағат 16.00-де құтқарушылар, арнайы жасақ, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем келіп жетті. Сол уақытта ОҚО ІІД-не ер азамат үйді жарамын деп хабарлама жіберген болатын. Тез арада «Теріскей» шағын ауданының №20 үй қоршалынып алынды. Патрульдік полицейлер аймақты қоршауға алып, 5 қабатты үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге апарылды.
Куәгердердің айтуынша, арнайы жасақ пәтердің есігін бұзып кіріп, ер азаматты сыртқа алып шыққан. 1 сағаттың ішінде мас азаматтың әрекеті ауыздықталды. 29 жастағы 2 баланың әкесін көршілер жиі мас күйінде көреді екен. Оқиғаның анық-қанығы анықталып жатыр.
Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы: » Ер азамат Еңбекші аудандық полицей бөлімшесіне жеткізілді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша, қылмыстық іс қоғалады. Ұсталған неге жалған ақпар бергенін түсіндіре алмай отыр».
Телефон терроризмі облысымызда алғаш рет тіркеліп отыр. Өткен жылы мұндай әрекет 9 рет жасалған, оның 5 ашылды.