Шымкентте жануарларды ұстау қағидасы бекітілді

452

Итіңіз бен мысығыңыздың құжаты болмаса, қаладағы қаңғыбас иттердің қатарына кіргізіліп, қаңғыбас ит, мысықтарды аулайтын топтың құрығына ілінуі әбден мүмкін.

Шымкент қалалық мәслихатының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы шешіміне сай, Шымкент қаласында жануарларды [ ит,мысықтар] қағидасы бекітілді. Қағида қалада ит мысықтарды қалай ұстау қажетігі туралы толығымен белгілеп берген.

Бұрын мұндай ереже болмаған. Қала әкімдігінің мамандары 2010 жылдан бері осы ережені жасап шығарды. Қағида Алматы мен Астаналықтардың тәжрибесімен жасалды. Жаңа ереже БАҚ арқылы жарияланады. Соған сәйкес ережені бұзған азаматар учаскелік полицейлер не ветеринар инспекторлар тарапынан әкімшілік шараға тартылатын болады.

Шымкент қаласында жануарларды (ит, мысықтар) ұстау қағидасы бойынша: жануарларды беру, сату, сатып ал, сонымен қатар қала аумағынан тысқары шығару және кіргізу, олардың құтыруға қарсы егілген белгісі бар ветеринариялық төлқұжаты болған жағдайда рұқсат етіледі.

Ал  есепке алынбаған, егуден өтпеген жануарларды ұстауға; көп пәтерлі тұрғын үйлердің аулаларында, балалар ойнайтын алаңшаларда  және көпшілік шаралар өткізілетін жерлерде  иттерді тұмылдырықсыз және ұзын шылбырда  серуендетуге; мас күйіндегі адамдар мен 14 жасқа толмаған жасөспірімдерге иттерді серуендетуге; адамдардың шомылуына арналған орындарда, су бұрқақтарда және бастау көздерінде жануарларды шомылдыруға; тұрғын үй қоры пәтерлерінде және жеке тұрғын үйлерде қандай да болмасын иттер мен мысықтардың түрлері үшін паналау баспанасы мен питомниктер ұйымдастыруға; жануарларды көп пәтерлі тұрғын үйлердің және жатақханалардың ортақ пайдаланатын орындардын ұстауға, сонымен қатар сауда орталықтарының аумағына жетектеп әкелуге рұқсат етілмейді.