Сырттан көлік әкелушілердің дауы жалғасуда

216

Сырттан көлік әкелушілер кеденшілермен арадағы дау-дамайды реттеу үшін «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына жүгінген. Бүгін осы мәселеге нүкте қою мақсатында жиын өткізілді. Оған арнайы облыстық кедендік бақылау департаментінің бастығы Шымырбай Ағабеков те шақырылды. Ол азаматтардың көліктерін кедендеу рәсімдері тек заң шеңберінде жүргізілгенін айтады. Ал жиналған жұрт бұған келіспейтіндіктерін бірауыздан білдіріп отыр.

Облыс бойынша 140 адам шет аймақтардан әкелген көліктерінің кедендік рәсімдеуден өткізілген. Бірақ араға бір жыл салып белгісіз себептермен сот өздеріне қыруар қаржы айыппұл салғандарын, бұл жерде кеденшілер тарапынан қателіктер кеткенін айтып шағымданған. Ал облыстың бас кеденшісі барлық рәсімдеу жұмыстарының заң аясында жүргізілгенін алға тартып отыр.

Ағабеков мырзаның айтқандарымен арызданып келгендердің бәрі дерлік келіспейтіндіктерін білдірді. Олар сот арқылы өздерінің азаматтық құқықтарын қорғап қалатындарын жеткізді.

«Нұр Отан» партиясынан үлкен үміт күтіп келген көпшіліктің талабын тыңдаған облыстық ішкі істер департаменті штаб басқармасының бастығы Нұрлан Досымбеков азаматтарға бұл дау-дамайды реттеудің жолдарын да түсіндіріп өтті.

Нұрлан Досымбеков, ОҚО ІІД штаб басқармасының бастығы: «Егер сіздер сотқа қарсы арыз беріп, сотта жеңіп шықсаңыздар, онда кеден қызметкерлерінен шығын талап ете аласыздар. Бірақ мұның бәрі заң шеңберінен аспауы керек».

Көлік иелері бас кеденшінің уәжіне көңілі толмағандар енді барлыі дауды тек сотқа қарсы арыз түсіру арқылы шештіндіктерін айтып тырқасты. Ал «Нұр Отан» партиясы өкілдері бұл істі өз бақылауында ұстайтындарын айтты.