Ақтөбеде өткен жарыстан қазақ күресінің палуандары олжалы оралды

242
Айбек енді халықаралық аренада топ жарсам дейді

Жастар арасындағы  ел чемпионаты Ақтөбеде өткен болатын. Оңтүстік құрамасының сапында ептілігін сынға салған үш жерлесіміз чемпион атанса, тағы 6 қола медальды жеңіп қайтты.

Ұлттық күрестен топ жара білген шәкіртін қалалық №10 спорт мектебінің басшылығы арнайы құттықтап өтті. Айбек Садыбеков 82 келі салмақтағылар арасында үздік танылып, спорт шебері атағына ие болды. ЕНді жерлесіміз халықаралық жарыстарда сынға түссем деп жоспарлап отыр. Бұл жастардың арасындағы келесі турнир Шым қалада өтеді.

Айбек Садыбеков, ҚР чемпионы: «5 жекпе жек өткізіп, жеңіске жеттім.Өте қуаныштымын. Ендігі мақсатым Азия чемпионатында, содан кейін Әлемдік аренада топ жарсам деймін. Қазақ күресін дәріптеп, еуропалық елдерге танытсам деп армандаймын».

Бүгінде шымкенттік палуандар кезекті жарысқа дайындалуда. Ел чемпионатында командалық есепте бірінші орыннан көрінсе, Шым қалада өтетін байрақты жарыста да жерлестеріміз алтыннан алқа тақсақ деп жоспарлайды.