Қазақ күресінен әлем чемпионатында түркістандық балуандар жеңімпаз атанды

111

Астана қаласында өткен қазақ күресінен ересектер мен жастар, жасөспірімдер арасындағы әлемдік дода өз мәресіне жетті. Сайыста бақ сынаған Түркістандық спортшылар боз кілемде топ жарды.

Атап айтқанда, 90 келі салмақтағы түркістандық Айдарбек Тоқтарбек қола жүлдені иеленді. Ол ересектер арасында белдесті. Ал 82 келіде бақ сынаған Сардар Абдисамитұлы барлық қарсыласын тізе бүктіріп алтын медальді қанжығасына байлады.

Сонымен қатар жас балуандар Балтабай Ералхан, Розман Тугушов, Темірхан Дәуірсейітхан қола жүлдеге қол жеткізді.