Көктемде Шымкентте жүздеген жас ағаш отырғызу жоспарланған

1088

Көктемнің алғашқы күндерінде ағаштарды жасарту жұмыстары қарқын ала бастады. Қаламыздағы 40 жылдық тал-дарақтардың басым бөлігіне күтім аса қажет. Көктем мен жазда шахардың көркін келтіретін, ауаны тазартатын жасыл ағаштарға қатты суықта ауа-райының әсері де күшті болатыны анық. Нәтижесінде, бұталарды жаңартуды кешіктірмей жасау керек,-дейді мамандар.

Қатты жел мен қар жауғаннан кейін Александр Агушев қаладағы аллеялар мен аулаларға рейдке шығады. Өткен қыстың өзінде Шымкентте 200 ағаш құлаған. Көгалдандыру секторының мамандары қала бойынша Әл Фараби ауданының өзінде мың ағашты жасарту жұмысу жасалу қажеттігін айтып отыр.

Александр Агушев, учаске шебері: «Адамдар ағаштарды кесіп жатқанымызды көргенде реніштерін білдіреді. Өздері үшін жасап жатқанымызды білгісі де келмейді. Талдардың кейбірі желдің салдарынан құлаған. Кейбірін құрт жеп қойған».

Бұл- тал-дарақтарды қайта жасарту бойынша басталған жоспарлы жұмыс. Қаладағы ағаштардың көбінің отырғызылғанына 40 жылдан асқан. Әзірге әктеу, кесу ісі Әл Фараби ауданында ғана жүргізілуде. Сымдарға кедергісін келтіріп, апатты жағдай туғызған мыңға жуық ағаш кесіледі.

Марат Тәжібаев, Әл Фараби аудандық әкімдігінің абаттандыру бөлімінің бастығы: «Ағаштарды жасарту жұмыстары ай соңына дейін жалғасады. Одан соң біз жас талдарды отырғызуды бастаймыз».

Ағаштың түбі нық болуы үшін оларды қысқа етіп қырқу керек дейді көгалдандыру бөлімінің мамандары. Қураған ағаштарды олар түбімен кескісі жоқ, сақтап қалуға тырысуда. Түсінік танытқан тұрғындар да көмектесуде. Сондай-ақ биыл көктемде жүздеген жаңа жас ағаштар отырғызу да жоспарланып отыр.