Кеденге жаңа бастық келді

399

Қаржы Министрлігі Кеден комитеті төрағасының бұйрығымен ОҚО кедендік бақылау департаментінің төрағасы болып Жасұлан Рамазанұлы Ахметов тағайындалды.

Ол 1956 жылы 22 қыркүйекте туған. Целиноградтағы құрылыс-инженерлік институтын тәмамдаған. «Астана» кеден бекеті бастығының орынбасары, Ақмола облыстық кедендік бақылау департаментінің бастығы қызметтерін атқарған.

Жасұлан Ахметовтің 2 жоғары білімі бар. Бірі инженер-механик, бірі экономист.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ОҚО бойынша КБД-нің бұрынғы бастығы Шымырбай Лауланұлы еңбек резервіне қалдырылды.