Оқырманды толғандырған сауал көп болды

Отырар.kz сайтында тағы бір он-лайын конференция болып өтті. Бұл жолғы тақырыпқа Еңбек заңдылықтарының орындалуы, Еңбекті қорғау мәселелері арқау болды. Жалпы бір сағаттан астам уақытқа созылған сұхбат барысында оқырмандардан 67 сұрақ келіп түсті.

Оның 21-і сайт арқылы қойылса, 35 сұрақ алдын ала «Оңтүстік Рабат» газетінің редакциясына келіп түсті. Қалған 11-сұрақ онлайн конференция барысында er-jami@mail.ru арқылы түсті.

Бірнеше сағат бұрын   otyrar.kz  сайты арқылы болып өткен он-лайын конференциядан көкейге түйгеніміз, жұртышылықты еңбек заңдылықтарына қатысты мәселелер көбірек толғандырады.

Айта кетейік, бұл жолы онлайын-конференцияның қонағы ОҚО бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы Бастар Есқараев болды.

Сайт оқырмандары тарапынан көптеген сауалдар келіп түскені анық.  Соған қарап, әсіресе жұмыс беруші тарапынан болатын келеңсіздіктер мен заңға қайшы әрекеттер тиылмай отырғанын аңғаруға болады.

Атап айтқанда білім саласында мұғалімдердің жалақысын уақытылы төлемеу, төлген күнде де жарым жартылай есептесіп, бөліп-бөліп беру жағдайлары белең алғанға ұқсайды.

Мысалы, Төлеби ауданы, Көксәйек ауылы Төлеби атындағы мектептен хабарласқан оқырман былай дейді:

Аты-жөнімді айтудан қорқамын біздің мектепте жалақы алу мәселесі қиындап кетті. Айлығымызды уақтылы бермейді. Берген күнде де түгел ала алмаймыз, 50, 70 пайызын ұсынып, бөліп-бөліп береді. Бізде ғана емес, бұл жағдай көрші Дулати мектебінде де сондай? Мұндай жағдайда кімге шағымдана аламыз? Не себепті есепшіміз бізге айлықты осылай төлейді? Зейнетақы қорымызға да уактылы теңге түспейді.

Тағы бір сауалды жолдаушы азамат: «Екі сағатқа жұмыска кешігіп келгенім үшін… ондада қызымды емханаға апарып келіп едім, сол үшін бастыгым қыр соңымнан қалмай «өз өтінішіңмен жұмыстан босау жөнінде арыз жаз» деп  тұрып алды. Ақыры солай еттім. Осы қаншалықты заңды», — деп сұрады…

Жалпы, онлайн режиміндегі конференцияны жүргізуші ретінде көкейге түйгенім Еңбек заңдылықтарын өоескел бұзу жағдайлары аймақтарда, ауылдық жерде әлі де болса жиі кездесетіні аңғарылды. Сонымен бірге, азаматтардың көбі өз құқтарын қорғауды біле бермейтіндігі, заңды жіті білмейтіндігі байқалады.

Қарапайым ғана, жұмысқа тұрарда жұмыс берушімен жасалатын келісім шарттың өзін оқымастан қол қоя салу, тіпті сол келісім шартты жасаспау жағжайлары кең етек алған. Соның салдарынан ертеңгі күні өз құқтарын қорғай алмай қалатыны қынжылтады.

Сонымен бірге… әлі де болса ауылдағы ағайын он-лайын режиміндегі конференцияға дайын еместігі, интернеттің жоқтығы, қол байлау болар өзге де мәселелер бары аңғарылады.

Себебі, ауылдағы ағайын, телефон шалып, сауал қойғанды жөн деп тапқан.

Ең бастысы…

Алғаш рет өткізіліп отырған жоба болғандықтан, әрине, толқу, алаңдау болғаны рас. Дегенмен, әсіресе алдын ала телефонмен келіп түскен сауалдарды қойып, маманан жауап алуға тырыстық… Бұл тағы да қайталап айтқым келеді, ауылда тұратын оқырмандарымыздың  сауалдарына жауап беруге тырысқандықтан болар.