Көлік жүргізушілері жол апатын өздері онлайн рәсімдей алады

21
Жол апатынан көлік аударылып кетті

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап жол апаттарын онлайн тіркеуге 1 мыңнан астам өтініш түсті, деп хабарлайды бірінші кредиттік бюросының баспасөз қызметі.

«2024 жылдың басынан «Еурохаттама» жобасы бойынша жол апаттарын онлайн тіркеуге 1099 өтініш келіп түсті: алты өтініш «тіркелді» деген мәртебе алды, яғни екі көлік жүргізушісі де өз қолын қойды, өтініш бірыңғай сақтандыру деректер базасына жіберілді», – делінген хабарламада.Ақпаратқа сәйкес, келіп түскен өтініштердің шамамен 60%-ке жуығын қолданушылардың өздері әртүрлі себептермен, соның ішінде қызметпен енді танысып жатқандықтан бас тартқан. Сондай-ақ, мәліметтерді жинау кезінде 385 өтініш толтыру сатысында болса, 33-і бірінші жүргізушінің, тағы 12-сі екінші жүргізушінің қол қоюын күтуде.