Облыста 6 мыңнан астам трансформатор бар.  «ОңтүстікЖарықТранзит» компанияларының мамандары алдағы уақытта да жаңа құрылғыларды орнату істері жалғасатынын мәлімдеді.

Биылғы қыс барлығымызға ауыр түскені анық. Бірақ, қаланы жарықпен қамту жүйесінде айтарлықтай кемшіліктер мен шағымдар болған жоқ. Ал көктем алғашқы айы нағыз бұзылған желілерді, шағын трансформаторлық бекеттерін жөндеу мен жоспардағы жұмыстарды бастау кезеңі.

Самидин Монтаев, өндірістік-техникалық қызметтің жетекші инженері: «2012 жылға жоспарланған іс-шараларға байланысты сәуір айынан жөндеу жұмыстары басталады. «Оңтүстік ЖарықТранзит» ЖШС электр желілерін қайта құру мен жаңалау бойынша толыққанды жөндеу жұмыстарын өткізеді».

Қажетті материал мен жабдықтар сатып алынып, өндіріс орындарына әкелінуде. Алынған трансформаторлар облыстың барлық аудандарына таратылды. Мың литр трансформатор майы да жеткізілді.

Самидин Монтаев, өндірістік-техникалық қызметтің жетекші инженері: «Бұл жылда тұтынатын қалып, майды РФ-нан әкелдік. Пайданалуымызға байланысты жылда майды бір жылға жоспарлап алып қоямыз».

Трансформаторлық майды ауыстырумен жарық беруші мамандардың жұмысы аяқталмайды. Биыл да өткен жылғыдай бөлектенген электр өткізгішін ендіру, трансофрматор қуатын үйлкейту, жарық беруші желілерді, тіректерді тағы сол сияқты құрылғыларды ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.