ОҚО-да көлікті техникалық байқаудан өткізу кейінге қалдырылмауы мүмкін.
Бүгінгі таңда ОҚО көліктерді техникалық байқаудан өткізетін 8 бекет 9 ұтқыл желі бар. Оның үшеуі Шымкент қаласында. Әлі жоспарда 19 ұтқыл желі мен 26 бекет ашу бар. Жыл басынан бері техникалық байқаудан өтеді деп сарапталған 37 мыңнан астам көліктің 6 мыңға жуығы байқаудан өтіпті.
Көліктерді байқаудан сапасыз өткерген бекеттерге бірінші мәрте 20 айлық көрсеткіштен 50 айлық көрсеткішке дейінгі әкімшілік айып салынады. 6 ай көлемінде келеңсіздік қайталанған жағдайда көлікті бақылау инспекциясындағы тізімнен алынады.
Жеке тұлғалардың көліктерін байқаудан өткізуге мораторий жариялау деген мәселе біздің өңірді қамтымайтын секелді. Ол жайында өңіраралық көлік инспекциясының жаңа басшысы Руслан Бексейітов мәлімдеді. Керісінше көліктерді техникалық байқаудан өткізетін бекет ашуға ниетті. Кәсіпкерлерге Облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасы арқылы несие алуға көмек қолы беріледі екен.