Оңтүстік Қазақстан облысында көктемгі су тасқыннан келген шығынның көлемі анықталды. Ауыл халқының көпшілігі құлағалы тұрған баспаналарында тұрып жатыр.
Тасқыннан ең көп зардап шеккен Ордабасы мен Сайрам аудандары болып анықталды. Жалпы екі ауданды қосқанда 967 үйдің тізімі беріліп, 956 үй зерттелді. Оның 644-і жарамды. 76-сы апатты жағдайда. 6 үй құлаған. 133 үйдің қабырғасы лай кірпіштен бой көтерген, олардың іргетасына дейін су жеткен.
Ал Шымкент қаласындағы су алған Жаңаталап, Қарабастау мен Жұлдыз елді мекендерінде 14 үй мүлдем жарамсыз деп танылған. Сондай-ақ апатты жағдайдағы үйлердің күрделі жөндеу шығыны да жергілікті бюджетке жүктелмек.