Шымкент әкімінің жүлдесі өзімізде қалды

287
Жеңімпаз команда наурыздың 30 күні белгілі болады

12 команда қала әкімі Арман Жетпісбаевтің Кубогі үшін таласқа түсті. Олардың арасында оңтүстіктің төрт командасы да бар. Сондай-ақ, өзге облыстармен қырғызстандық құрама да бас жүлде үшін таласқа түсті.

Жарыстың ашылу салтанатына қалалық спорт мектептерінің басшыларымен әкімнің орынбасары да арнайы келген. Жеткіншектерге сәттілік тілеп, жеңіс тек мықты командаға бұйырсын дегенді алға тартты.

Евгений Шкарин, жарыстың бас төрешісі: «Соңғы уақытта оңтүстіктен епті футболшылар жиі шықпай қалғаны жасырын емес. Сол себепті мұндай жарыстардың маңыздылығы зор».

Бүгінге дейін бірқатар ойындар өтіп те үлгерген. Шымкенттік команда екі ойын өткізіп, оның бірінде жеңіске жеткен. Алматылықтармен кездесу де жерлестерімізге сәтті болатынына бапкерлер сенімді.

Нұрлан Орынбаев,  №7 футбол мектебінің директоры: «Ең бастысы тәжірибе жинақтау. Балалардың да ойын өрнегі көңілден шығып жатыр. Жүлделі орындар үшін әлі де таласатынымзға сенемін».

Бұл турнир ресми Қазақстан чемпионатына дайындық деуге де болады. Бапкерлер команда құрамын жасақтап, жас футболшыларды кезекті рет сынап көреді.

Нәтижесінде бас жүлде «Шымкент» құрамасының еншісінде қалды. Ал екінші орынға Жезқазғандық «Қазақмыс» командасы табан тіресе, қола жүлде қырғыз футболшыларымен бірге кетті.