Шымкенттіктер билет сату терминалына сенімсіздік танытуда

340

Темір жол вокзалындағы билет сату терминалдарының жұмыс істей бастағанына екі ай уақыт болса да, Шымкенттіктер бұрынғысынша кассадан билет алып жүр. Оның себебі неде? Терминалды терең меңгере алмағандықтан ба, әлде сенімсіздік туғызғаннан ба?

Бұл терминалдар темір жол кассаларындағы ұзын сонар кезекті азайтады. Алайда әзірге Шымкенттіктердің техникаға деген сенімі жоқ. Жерлестеріміз уақытты үнемдеуге асығар емес. Поездға билетті небәрі 7 минутта сатып алуға болады. Орнатылғанына 2 ай өтсе де, жолаушылар кассаны тиімді санайды.

Темір жол терминалдары еліміздің ірі қалаларында екі айдан бері жұмыс істейді. Тек біздің облыстағы автоматтың қызметін пайдалауға ниеттілер аз. Жерлестерімізді қынжылтатын бір мәселе бар. Ол қызмет үшін алынатын комиссиялық ақы.

Автомат құрылғы Шымкентте тек Теміржол вокзалында орнатылған. Жолаушыларға тиімді болуы үшін вокзал әкімшілігі оны қаланың өзге де жерлеріне қоюға болатынын айтады. Тек жерлестеріміздің терминалға сенімсіздігі бар. Кассадан билет сатып алғанды жөн санайды.