Үйіндегі көлігін айдап әкетіп, қарақшылықпен айналыспақ болған.
5-наурыз күні «Газ 53» маркалы жүк көлігімен малын сатып, базардан олжалы оралған екі кісі қарақшылардың қармауына іліге жаздайды. Тер төгіп, төрт түлігін бағып-қағып пұлдап қайтқандардан оңай олжаға кенелгісі келгендердің бірі ақыры қолға түсті.
Төрт түлігін саудалап қаиту кезінде шаруаларға қарақшылық шабуыл жасалынады. Жүк көлігін екі БМВ автокөлігімен тығырыққа тіреп, қалтасындағы қомақты қаржыны тартып алмақ болған. Бірақ жүргізуші қарақшыларға берілместен әлгі жеңіл көліктерге қарсылық көрсетеді, содан БМВ автокөлігінің бірі апатқа ұшырайды. Жүк көлікті тоқтатуға тырысқандар қару қолданып, жәбірленушілерге жарақат салған.
Ұсталғанның бірі Шымкент қаласының тұрғыны. Оның ата-анасы осы кезде полицияға апатқа ұшыраған көліктің жоғалғаны жайлы арызданады. Өйткені баласының қарақшылыққа қадам басқанын білмейді екен.
Бұл қылмысқа басқа да күдіктілердің қатысы бар. Оларды қолға түсіру шарасы жалғасуда. Қарақшыларға қатысты ҚР ҚК 179 бабымен қылмыстық іс қозғалды.